Германияның ондаған қаласында Z буынының өкілдері жаппай наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жастар өмір сүру құнының өсуіне, білім саласына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігіне және әскерге шақыру жүйесінің қайта енгізілуіне қарсылық білдірді.

Наразылық кезінде Кельн мен Гамбург қалаларында полиция су атқыш көліктерді қолданған. Ақпаратқа сәйкес, шерулерге ел бойынша ондаған мың адам қатысқан.