Әнші Алтынай Жорабаева жұбайының өзіне көрсететін қамқорлығы туралы айтып, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Өнер иесінің сөзінше, күйеуі оны үнемі қымбат сыйлықтармен қуантып, көңіл бөліп отырады. Әнші жұбайының ықыласы мен қамқорлығын бағалайтынын жеткізді.
“Көлігімнің қыстық дөңгелегін ауыстырып қойыпты. Ертең жолға шығамын. Жуып дайындап қойған. Айтқызбай істейді. Мұндай күйеу бар ма?”, — деді ол.
Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваға қолдау білдіріп, ерлі-зайыптыға бақыт тіледі. Сондай-ақ әншінің жар таңдаудан қателеспегенін айтып, жұбайлардың бір-біріне деген сыйластығына сүйсінген.

