Пәкістанның Синд провинциясындағы Тарпаркар ауданында медициналық мекеме жанында тұрған жедел жәрдем көлігінің оттегі баллоны жарылып, кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Полицияның мәліметінше, жарылыс науқастарды басқа ауруханаға ауыстыру кезінде болған. Қаза тапқандар арасында медицина мекемесінің қызметкерлері, науқастар және олардың туыстары бар.

Ел президенті оқиғаның себебін анықтау үшін жедел әрі ашық тергеу жүргізуге шақырды.