Ингушетияның әскери комиссариаты әскерге шақырудан жалтарған жастарды қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытты. «Фортанга» басылымының хабарлауынша, 28 қазанда ведомство жастарды шақырту қағазы бойынша уақытында келуге үндеген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ал дәлелді себеппен келе алмаған жағдайда әскери комиссариатқа хабарлап, оны растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігін ескерткен.

2026 жылы Ресейде мерзімді әскери қызметке шақыру жыл бойы жүргізіледі.

Бұған дейін құқық қорғаушылар Шешенстанда рейдтер жүргізіліп, жастардың заңсыз ұсталғаны және Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға мәжбүрленгені туралы хабарлаған. «Мемориал» адам құқықтарын қорғау орталығының мәліметінше, кейбір ұсталғандарға күш қолданумен және қылмыстық істерді қолдан жасаумен қорқытқан.

Бастапқы жарияланымда келтірілген жаңа мәліметтерге сәйкес, соңғы он күнде Шалин ауданына қаза тапқан екі адамның денесі жеткізілген. Сондай-ақ Джохар (Грозный) қаласында тағы бірнеше адамның денесі туыстарына берілгені айтылады. Жарияланымда адам ұрлаудың жаңа толқыны басталғаны туралы да мәлімет бар.