Қазақстанда көлік жуу орындарының орталықтандырылған ауыз суды пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұл талапты енгізу үшін Су кодексіне тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.
Министрдің сөзінше, мұндай шешім су ресурстарын үнемдеу және ауыз судың ысырап болуына жол бермеу мақсатында қарастырылып отыр.
Суды тиімсіз пайдалану деректері де көбейген. Жыл басынан бері 758 заң бұзушылық анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

