Атырауда Sulpak дүкенінің маңындағы қазандықта жарылыс болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Салдарынан жақын орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің терезелері сынып, екі автокөлік зақымданған.
Оқиға кезінде бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

