Тілсіз жау Алатау қаласына қарасты Әли ауылына жақын жерде тұтанған. Төтенше жағдай туралы хабар түн ортасында түскен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт аумағы 300 шаршы метрге жеткен. Өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеген.

Қазір оқиға орнында өртті сөндірумен қатар, жерді қалпына келтіру және топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Кейінірек ТЖМ өрттің оқшауланғанын хабарлады. Алайда өрттің толық сөндірілгені туралы әзірге ақпарат жоқ.