Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған бастамаларды жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді. Үкімет басшысы ел экономикасын жаңғырту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Олжас Бектенов Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.

Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстан құруды басты мақсат ретінде белгілеп отыр. Бұл міндетке қол жеткізу үшін еліміздің экономикалық әлеуетін барынша тиімді пайдаланып, заманауи технологиялар мен инновациялық мүмкіндіктерді кеңінен қолдану қажет.

Үкімет басшысы Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасының маңызына да тоқталды. Оның сөзінше, ауқымды бастама экономиканың барлық саласында инфрақұрылымды жаңғыртуға және жүйелі реформалар жүргізуге мүмкіндік береді.