Қызылорда облысында такси жүргізушісі шетелдіктерге жолақысын қымбаттатып жіберген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Шетелдік сахатшылар Арал ауданында такси жүргізушісінің жолақысын жөн-жосықсыз қымбаттатып жібергенін видеоға түсіріп таратқан.

Видео желіге шыға салысымен, полиция дереу әрекетке көшті.

Полиция жүргізушінің 50 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады.

Ол тұтынушылар құқығын бұзғаны және кәсіпкер ретінде ресми тіркелмей қызмет көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

Жүргізушіге айыппұл салынды.