Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың жұмысынан қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын бұзуға әкелген жүйелі заңбұзушылықтар анықталғанын мәлім етті.
Агенттік мына ұйымдардың микроқаржы қызметін жүргізуге берілген лицензиясын қайтарып алды:
«МҚҰ MaxMoney» ЖШС;
«МҚҰ Microfinance Systems» ЖШС;
«МҚҰ SurfKaz Finance» ЖШС;
«МҚҰ MFO№1» ЖШС;
«МҚҰ Үміт Финанс» ЖШС;
«МҚҰ Вивус» ЖШС;
«МҚҰ EL QAZYNA» ЖШС.

