Алматы халықаралық әуежайы Алматы мен Фукуок аралын байланыстыратын Sun PhuQuoc Airways әуе компаниясының алғашқы тікелей рейсін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Рейстер 26 желтоқсанға дейін аптасына үш рет орындалады. Алматы–Фукуок бағыты бойынша рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Фукуок–Алматы бағыты бойынша сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Әуе қатынасының ашылуы жолаушыларға Фукуок аралына тікелей жетуге мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы саяхат мүмкіндіктерін кеңейтеді.