Ресейдегі Wildberries маркетплейсінің қоймаларына жасалған шабуылдардан 223-тен астам қазақстандық кәсіпкердің тауары зардап шеккен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алдын ала есеп бойынша, жалпы шығын көлемі 1,45 млрд теңгеге жеткен. Алайда өтемақының нақты мөлшері мен оны төлеу мерзімі әзірге белгісіз.

Қазақстанның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен кәсіпкерлер туралы мәліметтерді нақтылап жатыр. Ұйымның мақсаты – бизнестің нақты шығынын анықтап, кәсіпкерлерге қанша қаражат өтелгенін білу. Тараптар шығынды өтеу тәртібі мен қазақстандық кәсіпкерлердің платформадағы жұмыс шарттарын талқылаған.

Алайда бірқатар мәселе әлі шешімін таппаған. Палатаның мәліметінше, бұған дейін Wildberries компаниясы мен Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігіне жолданған алғашқы өтініштерге жауап берілмеген.