Дональд Трамп ақыры өзі көптен бері көксеген Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін қолына алды. Алайда, бұл Ослодағы комитеттің шешімі емес, саяси символизмге толы ерекше оқиға деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Венесуэла оппозициясының лидері (және Нобель лауреаты) Мария Мачадо өзінің бейбітшілік сыйлығын АҚШ президентіне табыстады.
Мачадоның айтуынша, бұл сыйлық Трампқа Венесуэла президентін «барымталап», биліктен шеттеткені үшін берілген алғыс белгісі. Оппозиция өкілі АҚШ басшысының бұл әрекетін елдегі диктатураны құлатуға жасалған нақты қадам деп бағалаған.
Дегенмен бұл сыйлықтың берілуі – тек символдық жүріс. Нобель қорының жарғысына сәйкес:
-
Сыйлық нақты бір адамға немесе ұйымға өмірлікке беріледі;
-
Лауреат атағын басқа адамға беруге, сатуға немесе қайта сыйлауға заңды рұқсат жоқ;
-
Сондықтан Трамп ресми түрде Нобель лауреаты болып есептелмейді.
Дегенмен, Дональд Трамп үшін бұл медальдің заңды күшінен гөрі, оның саяси салмағы мен «трофей» ретіндегі маңызы зорырақ секілді.























