Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Басылымның мәліметінше, Вашингтон шабуылдар туралы ресми түрде жарияламаған. Алайда әскери операциялар бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.

Бұған дейін Иранның IRNA ақпарат агенттігі Кешм аралында бес жарылыс болғанын хабарлаған. Бірақ жарылыстардың нақты себебі туралы мәлімет бермеген.

Кешм аралында жерасты зымыран кешені, әскери-теңіз базасы және ірі су тұщыту қондырғысы орналасқан.

Америкалық шенеуніктердің айтуынша, соққылардың мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелеріне шабуыл жасауына жол бермеу.

WSJ дерегінше, АҚШ әскері 2 қараша, дүйсенбі күні де Кешм аралына соққы жасаған. Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, Иран зымыраны АҚШ жойғыш ұшағына бағытталғаннан кейін америкалық күштер жауап оқ жаудырған. Сондай-ақ Кешм аралынан кемелерге қарай ұшырылған тағы бір зымыранның жолы кесілгені айтылады. АҚШ Орталық қолбасшылығы шабуылдарға қатысты ресми түсініктеме бермеді.