Ақтөбеде есірткі саудасынан түскен ақшаны криптовалютаға айырбастаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тергеу дерегінше, топқа сегіз адам кірген. Олар 22 банк картасын пайдаланып, тәулігіне 50-70 төлем қабылдаған. Жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асатын қаражатты есірткі саудасын ұйымдастырушылардың криптоәмияндарына аударған. Топ жетекшісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

