Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Айнұр Даненова Мароккодағы, ал Олжас Исабеков Кубадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұған дейін екі дипломат та Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. Олжас Исабеков Кубадағы елші қызметінде Андриан Елемесовтің орнына келді. Ал Мароккода бұл міндетті бұған дейін Сәулекүл Сайлауқызы атқарған.

