Польша премьер-министрі Дональд Туск елдегі Конституциялық трибунал төңірегіндегі саяси дауға байланысты халыққа үндеу жасап, қарсыластары — «Құқық және әділеттілік» партиясын (PiS) және президент Кароль Навроцкийді заң үстемдігін бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оның айтуынша, бұл дауда қарсыластарына Ресей интернеттегі боттар арқылы қолдау көрсетіп отыр.

Даудың негізгі себебі — бұрынғы билік кезінде және Туск үкіметі тұсында тағайындалған судьяларды екі тараптың бір-бірі мойындамауы. Ал 31 қазанда бұрынғы премьер-министр Матеуш Моравецкий Туск үкіметіне сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынды. Конституциялық трибунал ғимаратының алдында жүздеген адам наразылық білдірді