31 қазанда Анкарада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған кездесті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылап, елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырды.

Жапаров қол қойылған құжаттар екі ел байланысына тың серпін беретініне сенім білдіріп, Анкарамен қарым-қатынасты нығайту жалғасатынын айтты. Сондай-ақ Түркия халқына Республика күнімен құттықтауын жеткізді.