Семейде өзін өртеді делінген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
“30 қазанда сағат 17.00 шамасында Семей қаласында ер адам болжам бойынша, өз-өзін өртеп, қаза болды” деп жазылған Абай облыстық полициясының хабарламасында.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, полиция жай-жапсарын анықтамақ. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ер адам Абай облыстық сотының алдында өзін өртеген болуы мүмкін.

