Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Кездесуді ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев бұл Жолдаудың Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси трансформация жағдайында жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін еске салды. Елші Жолдаудағы тұжырымдар Қазақстан дамуының алдағы кескіні мен бағыттарын, келесі тактикалық мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін айқындайтынын баса айтты.  

Ресей Федерациясы Президентінің стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Антон Рыбаковтың айтуынша, жаңа Конституцияның жалпыхалықтық референдумда қабылдануы халықтың Президенттің өршіл реформалық бағытын қолдайтынын көрсетті. Жолдауға қатысты пікір білдіре отырып, ол оның жасампаздық сипатына тоқталып, алдағы жылдары тек саяси және қоғамдық институттарды ғана емес, сонымен қатар жолдар мен әлеуметтік нысандарды салуға басымдық берілетініне назар аударды.