Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Полиция департаменті жүргізген тексеру барысында марқұмның елорданың 54 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Мәйітті тексеру кезінде зорлықпен өлтіру белгілері табылған жоқ. Қазіргі таңда оның қайтыс болу себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

