Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Малыбай ауылының тұрғындары мал ұрлығының жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Айтуларынша, белгісіз адамдар ауыл тұрғындарының жылдар бойы өсірген малын бір түнде айдап әкетеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ауыл халқы үшін мал — негізгі табыс көзі. Ұрлықтың көбеюіне байланысты тұрғындар түлігін жайылымға қараусыз жіберуге қорқып, қорада ұстауға мәжбүр болған.

Олар полициядан ұрланған малды тауып, ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтауды және мұндай қылмыстардың алдын алу шараларын күшейтуді талап етіп отыр.

Аудандық полиция тұрғындардың арыздары қабылданғанын және қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.