Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тарихындағы ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, көптеген елді мекенге табиғи газ бен таза ауыз су жеткізу жоспарланып отыр.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін жүзеге асырылатын жобалардың бастапқы тізімін дайындауды тапсырды. Бұл тізімге еліміздің барлық өңірі қамтылуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды құрылыс бастамасына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ел экономикасының дамуына серпін беру.