Швеция Үкіметінің кеңсесінде қызметкерлерге жұмыс компьютерлері арқылы ChatGPT және Claude сервистерін пайдалануға шектеу қойылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұған құпия ақпараттың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық себеп болған. Билік құпия деректердің жасанды интеллект жүйесінде сақталып, кейін басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін деп алаңдайды.

Балама ретінде қауіпсіздік тексерісінен өткен Microsoft Copilot ұсынылды. Ал ChatGPT мен Claude-ты арнайы қорғалған платформа арқылы ғана пайдалануға болады. Мұндай шектеулер Швецияның Салық агенттігі мен бірқатар мемлекеттік мекемесінде енгізілген.