Jibek Joly телеарнасында музыка мен шынайы сұхбатты ұштастыратын «Жаңа қазақ музыкасы»атты музыкалық ток-шоуы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бағдарламаның алғашқы шығарылымының қонағы– әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек.
Жүргізуші Дастан Оразбеков қонақпеншығармашылық жолы, өнердегі ізденістері және қазақ музыкасының бүгінгі тынысы туралы еркін форматта әңгіме өрбітеді.
Ұшқын Жамалбек – ұлттық нақыш пен заманауи әуендерді үйлестіріп, қазақ музыка кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған өнер иесі. Әншілік өнерімен қатар, авторлықтуындылары мен саундтрек жазудағы шеберлігіарқылы да танылған. Оның «Асау жүрек» секілдіәндері тыңдарман жүрегінен орын алған.
Бағдарлама барысында көрермен әншінің шығармашылығымен танысып, өнер жолындағы ой-толғамдары мен музыкаға деген көзқарасын біле алады.
«Жаңа қазақ музыкасы» – қазақ музыкасының жаңа тынысын танытып, өнер мен шынайы әңгімеге жол ашатын жоба.

