Қазақстанда iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бағасы тиісінше 849 990 және 909 990 теңгеден басталады. Ал ең жоғары жинақтамалардың құны 1,7 млн теңгеден асады. Ресми сатылым 25 қыркүйекте басталады.
Жаңа смартфондар A20 Pro чипімен, 48 МП камерамен және алғаш рет 2 ТБ жады нұсқасымен ұсынылған. Осыған байланысты полиция азаматтарды алдын ала тапсырыс пен жаңа iPhone сатылымына қатысты алаяқтық ұсыныстардан сақ болуға шақырды.


