18 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кей жерлерде жел секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, екпіні 25 метрге жетуі мүмкін. Шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде -2 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында да жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Шымкент пен Түркістанда жоғары өрт қаупі сақталады.


