Қаладағы сауда үйлерінің бірінде әйел банкоматқа 600 мың теңгеден астам ақша салған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алайда техникалық ақауға байланысты қаражат картаға түспей, купюра қабылдайтын жерде қалып қойған.
Әйел кетіп қойғаннан кейін артынша банкоматқа келген ер адам ақшаны алып кеткен.
Күдікті 45 жастағы ер адам ұсталып, ақша иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.

