Алматыда ақылы автотұрақ тарифтері өзгеруі мүмкін

Алматыда коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифтерін көлік жүктемесіне қарай саралау ұсынылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Жаңа тәсіл автотұрақ орындарының қолжетімділігін арттырып, көлік қозғалысы қарқынды учаскелердегі жүктемені азайтуға бағытталған. Жоба қалалық мәслихат сессиясында таныстырылды.

Коммуналдық ақылы автотұрақтардағы қолданыстағы сағатына 100 теңге тариф 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде қаладағы көлік саны 1 миллионнан асып, жол-көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме артты.

Ұқсас ақпараттар