TikTok негізін қалаушы Азиядағы ең бай адам атанды

ByteDance негізін қалаушы Чжан Имин үнді кәсіпкері Гаутам Аданиді басып озып, Азиядағы ең бай адам атанды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, 43 жастағы Чжан Иминнің байлығы 105 млрд доллардан асты. Оның өсуі жасанды интеллектпен байланысты капиталдардың дәстүрлі салалар өкілдерінің байлығынан басым түскенін көрсетеді. Агенттік Чжан Имин үшін бұл рекорд оның әзірлеген TikTok қосымшасына АҚШ-та тыйым салуға аз қалғаннан кейінгі маңызды қадам болғанын атап өтеді.

Жарияланымда бизнесменнің байлығы 2019 жылдың наурыз айынан бастап бақылау кезеңінде сегіз есеге – 13 млрд доллардан өскені нақтыланады. Чжан Имин 1983 жылы Қытайдың Фуцзянь провинциясында мемлекеттік қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 2001 жылы ол Тяньцзиньдегі Нанькай университетіне оқуға түсіп, микроэлектроникадан бастаған, бірақ кейін бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясына ауысып, 2005 жылы бакалавр дәрежесін алды. Ол мансабын Kuxun туристік стартапында бастады, онда инженерден техникалық директорға дейін тез өсті, содан кейін қысқа уақытқа Microsoft-қа ауысты, ондағы жұмысы оған «қызықты, бірақ пайдасыз» болып көрінді. 2012 жылы Чжан Пекиннің шағын пәтерінде ByteDance компаниясын құрды. Оның негізгі идеясы контентке ұсыным жасау үшін жасанды интеллектті пайдалану болды. Компанияның алғашқы өнімі Toutiao жаңалықтар желісі болды, ал 2016 жылы ByteDance халықаралық нарықта TikTok ретінде танымал Douyin қосымшасын шығарды.

2021 жылы Чжан «идеал менеджер» қасиеттерінің жетіспеушілігін түсіндіріп, ByteDance бас директоры және төрағасы қызметтерінен кетті. Bloomberg мәліметінше, ол компаниядағы дауыс беру құқығының 50%-дан астамын сақтап қалған.

Ұқсас ақпараттар