Шымкентте зауытта Қазақстан чемпионы ток соғып қаза тапты

Қазақстандық балуан Тілектес Әділ Шымкенттегі кәсіпорында болған жазатайым оқиғадан қайтыс болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ер адамның айтуынша, қайғылы оқиға кафель плиткасын шығаратын зауытта болған. Жұмыс кезінде Әділ абайсызда электр сымына тиіп кетіп, ток соғып, биіктіктен құлаған. Келген дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Тілектес Әділ Бақытжанұлы бала кезінен еркін және грек-рим күресімен айналысқан. Ол есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарда Қазақстанның намысын қорғады.

2018 жылы балуан Ақтөбеде есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы II Қазақстан Спартакиадасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. 2019 жылы Қостанайда ересектер арасындағы грек-рим күресінен Қазақстанның командалық чемпионатында 60 келіге дейінгі санатта бірінші орынды иеленді. Әділ республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері де болған. Спортшының артында әйелі мен екі баласы қалды.

Ұқсас ақпараттар