Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт жасар қыз бала қаза тапты. Оқиға 15 қыркүйекте болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, газел көлігі өтіп бара жатқанда, бала әкесінің жанында болған. Қыз бала көліктің дөңгелегінің астына түсіп, өмірге сыйымсыз жарақаттар алды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала көз жұмды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция департаменті.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидалары мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда өте мұқият болуға шақырды.

