Сицилияда Этна жанартауы атқылап, күл 4 шақырым биіктікке көтерілді

Сицилиядағы Этна жанартауы атқылай бастады. Сицилиядағы Этна жанартауы 4 шақырым биіктікке күл шығарды. Бұл туралы Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтының (INGV) Vona авиациялық хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Күл бұлты оңтүстікке, Катания әуежайы бағытына қарай жылжып барады. Әуе торабы үшін халықаралық Vona ұшу қауіпсіздігі ұйымының жіктеуі бойынша қызыл – ең соңғы дабыл деңгейі белгіленген. 8 тамызда Сицилияда Этна жанартауы атқылай бастады. Жанартаудың белсенділігі Вораджине кратерінен лаваның атылуымен қатар жүрді.

Атқылау басталғаннан кейін кейбір туристер жанартау беткейлеріндегі лава ағынына көтерілуге тырысты. Суматрада Синабунг жанартауы атқылап, күл бағаны 3,5 шақырымға көтерілді.

Ұқсас ақпараттар