Freedom Банк ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығынан екі марапат алды

Freedom Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығынан екі марапат алды. Биыл банк қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін құруға және дамытуға белсенді қатысқаны үшін «Жылдың антифрод-әріптесі» және «Антифрод-орталықты дамытуға қосқан үлесі» номинациялары бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Биыл барлығы төрт номинация жарияланды, оның екеуін Freedom Банк жеңіп алды. Енді банктің Антифрод-орталықтан үш марапаты бар. Өткен жылы Freedom Банк «Жылдың қайтарымы» номинациясы бойынша үздік деп танылған болатын. Марапаттарды Central Asia Fintech Summit 2026 аясында өткен салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бинур Жәленов, Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы Басқармасының Төрағасы Жанар Самаева және Verigram компаниясының негізін қалаушы Асанали Байғожин табыс етті.

«Біз үшін бұл марапаттар ерекше маңызды, өйткені олар біздің клиенттерді қорғау жүйеміздің нүктелі емес, жүйелі және әртүрлі бағыттарда жұмыс істейтінін көрсетеді. Бүгінде біздің банк ішіндегі антифрод – бұл мінез-құлық талдауы, ML-модельдері, жасанды интеллект, графологиялық талдау және жедел әрекет етуді қамтитын кешенді жүйе. Біз клиенттердің әдеттен тыс мінез-құлқын ерте анықтау технологияларын ерекше дамытып жатырмыз, ал графологиялық талдау өзара байланыстарды табуға және алаяқтықтың тұтас тізбектерін анықтауға көмектеседі», — деді Freedom Банкі Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Бұл марапаттың маңызын Ұлттық төлем корпорациясы Басқармасының Төрағасы Жанар Самаева да атап өтті:

«Freedom Банк екінші жыл қатарынан біздің номинантымыз. Әртүрлі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелердің мұндай тұрақтылығы банктің антифрод-инфрақұрылымының кәмелеттігін, команданың әрекет ету жылдамдығын, процестердің дәлдігін және енгізілген технологиялардың жоғары деңгейін растайды. Дәл осындай кешенді тәсіл клиенттердің ақшасының нақты қауіпсіздігін қамтамасыз етеді».

ҚР ҰБ Антифрод-орталығы – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алаяқтық транзакциялармен күресу үшін іске қосқан жүйе. Оның негізгі міндеті – нақты уақыт режимінде алаяқтықты анықтау, бұғаттау және алдын алу үшін күдікті транзакциялар туралы деректерді жинау және талдау.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – Қазақстан аумағында Freedom сауда маркасымен жұмыс істейтін инновациялық банк. Банк жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Банк ипотекалық қарызды, автокредитті және бизнеске арналған кредиттерді цифрландырды. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы INVEST CARD инвестор картасын және бірқатар басқа цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның 20 қаласында филиалдық желісі бар. Банк қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің бөлігі. Бүгінгі таңда холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, Қазақстан қор биржасында саудаланады.

Ұқсас ақпараттар