Астанада «Аурика ЖҚС» аялдама пунктіне қатынайтын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №18, №37 және №42 үш автобус бағдарының жолаушылары аялдаманы әдеттегі тәртіпте пайдалана алмайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz CTS-ке сілтеме жасап.
Автобустар «Аурика ЖҚС» аялдама пунктінде жолаушыларды уақытша отырғызуды және түсіруді жүзеге асырмайды.
Бұл бағдарлардың жолаушыларына сапарды жоспарлау кезінде өзгерісті ескеру және жақын маңдағы қолжетімді аялдамаларды пайдалану ұсынылады.

