Астанада «Аурика ЖҚС» аялдамасына қатынайтын жол уақытша жабылды

Астанада «Аурика ЖҚС» аялдама пунктіне қатынайтын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №18, №37 және №42 үш автобус бағдарының жолаушылары аялдаманы әдеттегі тәртіпте пайдалана алмайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Автобустар «Аурика ЖҚС» аялдама пунктінде жолаушыларды уақытша отырғызуды және түсіруді жүзеге асырмайды.

Бұл бағдарлардың жолаушыларына сапарды жоспарлау кезінде өзгерісті ескеру және жақын маңдағы қолжетімді аялдамаларды пайдалану ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар