Қазақстан халқы 20,6 миллион адамға жетті

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 20 604 819 адамды құрады. Жеті айда халық саны 104 997 адамға артты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Қазақстанда 10 531 747 әйел және 10 073 072 ер адам тұрады. Ел халқының басым бөлігі қалаларда шоғырланған. Тамыз айының басындағы жағдай бойынша қалалық аймақтарда 13,2 миллионнан астам адам тұрған. Жыл басынан бері қала тұрғындарының саны 126 649 адамға артты. Осы кезеңде ауыл халқының саны 21 652 адамға қысқарды. Жалпы, ауылдық жерлерде шамамен 7,4 миллион қазақстандық тұрады. Халықтың басым бөлігі әлі де ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан аймақтарда шоғырланған.

Бірінші орында Алматы қаласы — шамамен 2,3 миллион адам. Екінші орында Түркістан облысы — шамамен 2,1 миллион тұрғын. Астанада шамамен 1,6 миллион адам тұрады. Алматы облысының халқы да шамамен осындай. Шымкент халқы шамамен 1,3 миллион адамды құрайды.

Ұқсас ақпараттар