Қазақстанда кәріс әріптестермен бірге бұқтырылған ет өндірісін ашу жоспарланып отыр. Сауда министрлігінің хабарлауынша, жобаға салынған инвестиция 1,3 млн долларды құрайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Оңтүстік Кореядан келген инвесторлардың қатысуымен Қазақстанда бұқтырылған ет шығаратын цех ашу жоспарланып отыр. Бұл келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында жасалды. Кәсіпорынға екі жақтан салынған инвестиция 1,3 млн долларды құрайды. Жобаға қазақстандық тараптан Samsar Investment компаниясы қатысады. Сонымен қатар, тараптар Кореяға 13 млн долларға 1 мың тонна сиыр етін экспорттауға келісті.
Samsar Investment сондай-ақ елге айына 3 мың тонна тазартылған күнбағыс майын жеткізеді. Бизнес-форумға екі елдің 200 бизнес өкілі қатысты. Жалпы сомасы 54,8 млн долларға келісімшарттар мен шарттарға қол қойылды. Іс-шараға ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі секторын ұсынатын 15 қазақстандық компания қатысты.

