Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23.08-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылындағы жер асты дүмпулерінің есептік қарқындылығы 2 балл болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпті учаскелерді қарап тексеру бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, ықтимал зақымдануларға қатысты тіршілікті қамтамасыз ету объектілері тексерілді.
«Қарап тексеру нәтижелері бойынша зақымданулар табылған жоқ, осы шақта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — делінген хабарламада. Қытайды бір тәулік ішінде екінші рет «сілкіндірді».

