Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі бірнеше түнге жабылады

Алматыда Алтынсарин даңғылының учаскесін жөндеуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«5-9 қыркүйек аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде асфальтбетон төсеуге байланысты қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады», — деп ведомство атап өтті.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты түзетілуі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар