АҚШ президенті Дональд Трамп Испанияның ел үкіметінің саясатына байланысты «жойылу» қаупі бар екенін айтты. Оның сөзінше, мигранттардың көбеюіне байланысты ел қирандыға айналады. Американдық лидер Мадридті НАТО-ға жұмсаған шығындары үшін де сынады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Испания жойылады. Менің Испанияға қатысты мәселелерім бар, өйткені ол НАТО-ға қатысты өзін жақсы ұстамайды және тиісті мөлшерде төлемейді», — деді Трамп.
Түпнұсқада АҚШ президенті Spain will be a ruined country деген тіркесті қолданды, оны «Испания күйреген елге айналады» деп те аударуға болады. Трамп жекелей Солтүстік Африкадағы Мароккомен шектесетін испандық автономды қала Сеутадағы жағдай туралы айтты. Американдық лидер мигранттардың жаппай ағынын айтып, болып жатқан оқиғаны «өте алаңдатарлық көрініс» деп атады. Трамптың сөзінше, мыңдаған адам Испания аумағына шекара арқылы кіруге тырысуда.
АҚШ президенті бұрын «мұндайды ешқашан көрмегенін» айтты. Трамп Испанияны қорғанысқа жеткіліксіз шығындар жұмсағаны үшін бірнеше рет сынаған болатын. Вашингтон мен Мадрид арасындағы келіспеушіліктер НАТО елдерінің әскери шығындарын ұлғайтуды талқылағаннан кейін күшейді.


