Иранда АҚШ шабуылынан екі адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясының Сирик қаласы маңында АҚШ қарулы күштерінің соққысынан екі адам қаза тауып, кемінде 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Шабуыл кезінде той рәсімі өтіп жатқан.

«АҚШ Сирик ауданындағы той рәсіміне шабуыл жасап, қылмыс жасады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің Иранға соққы бергенін хабарлаған болатын. АҚШ әрекеттеріне жауап ретінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы зымыран соққысын жасағанын хабарлады, ал Иранның әуе қорғаныс күштері америкалық MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшағын жойғанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар