«Экстрасенстер шайқасы» жобасының қатысушысы Елена Ивашина қайтыс болды

«Экстрасенстер шайқасы» жобасының 23-маусымының қатысушысы Елена Ивашина қайтыс болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz «АИФ-Москва» басылымына сілтеме жасап.

«Бүгін «Экстрасенстер шайқасы» жобасының 23-маусымының қатысушысы Елена Ивашина өмірден өтті. Ол 43 жаста еді», — делінген шоудың «ВКонтакте» желісіндегі фан-тобының жазбасында. Елена Ивашина 1983 жылы 2 ақпанда Мәскеу облысының Наро-Фоминск қаласында дүниеге келген. Ол «Экстрасенстер шайқасына» 2022 жылы қатысқан. Бағдарламадан бір шығарылымда алған аяқ жарақатына байланысты кеткен. 2024 жылдың қаңтарында Елена ТНТ арнасындағы «Экстрасенсы. Реванш» шоуына оралды. Алайда, ол бірінші шығарылымда-ақ жобадан кетіп, өз орнын Никита Турчинге берді. Ол өз шешімін сынықтан кейін мазалап жүрген аяғымен түсіндірді.

Ұқсас ақпараттар