Непалдағы қатты су тасқынынан қаза тапқандар саны 939 адамға жетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 3,9 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Олардың ішінде шамамен 600 шетелдік бар. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. 26 тамызда Непалдың солтүстігі мен Қытайдың шекаралас аймақтарында су тасқыны болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өткен сәрсенбідегі кенеттен болған су тасқынының себебі жер сілкінісінен туындаған мұздық көшкіні болуы мүмкін.
Мұздық жыныстар опырылып, одан кейін сел ағыны жүрген. Нәтижесінде Непал-Қытай шекаралық өткелі Расувагадидан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде ағып жатқан Лхенде-Кхола өзені арқылы су ағындары ағып өтті.

