Оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облыстық балалар стоматологиясында дүрбелең байқалуда — дәрігерлер күніне 200-ге жуық пациентті қабылдайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы 18 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы және шұғыл көмекті МӘМС аясында қаланың басқа да медициналық мекемелерінен алуға болатынын еске салады. Әкімдіктің хабарлауынша, дәстүрлі түрде оқу жылы басталмас бұрын Балалар стоматологиялық емханасында медициналық қызмет көрсетулерге сұраныс артады.
Мектеп оқушыларының жаппай профилактикалық тексерулерден өтуі мен емделуіне байланысты дәрігерлерге жүктеме ұлғаяды.
«Күн сайын мұнда 130-дан астам бала терапиялық көмек алса, хирургиялық көмекті 65-тен астам пациент алады», — делінген хабарламада.
Кезекте ұзақ күтуді болдырмау үшін ата-аналар балаларға стоматологиялық көмек алу үшін басқа медициналық мекемелерге жүгіне алады. Әкімдіктің ақпараты бойынша, МӘМС аясында балалардың тісін емдеуді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өнім берушілері болып табылатын басқа да клиникалар көрсетеді. Олардың арасында: «Diamond Dent» ЖШС;
«BZ Холдинг» ЖШС; «Ай-алтын» ЖШС; «Меда-Актобе» ЖШС; «Медикер Илек» ЖШС; «Орынбасаров Нурхан Нартаевич» ЖШС; «ТТ и К» ЖШС; ШЖҚ КМК; «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы»; ЖК ARUDENT; «Айгүл» клиникасы» ЖШС; «Амина и Али» ЖШС; «Almash Life» ЖШС; «Медикус центр» медициналық мекемесі; «Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС. Сондай-ақ әкімдікте осы салада туындайтын барлық сұрақтар бойынша емхананың пациенттерді қолдау қызметіне немесе денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Айгүл Аманжуловаға жүгінуге болатынын хабарлады. Бұған дейін «Курсив» баланы дәрігерге қашан бірінші рет апару керектігін және сәбиге маманның көмегі қажет екенін қалай түсінуге болатынын анықтаған болатын.


