31 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Павлодар мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады.
Астана мен Атырауда қолайсыз жағдай түнде күтіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларды және ашық ауада болуды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.

