Алматыда 44 жастағы ер адам электросамокаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жол-көлік оқиғасы түнде Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын жерде болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты меңгере алмай, жиектасқа соғылып, кейін құлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп полиция хабарлады.
Құлау салдарынан алматылық өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен, ер адамды құтқару мүмкін болмады. Алдын ала ақпарат бойынша, ол жүру кезінде қорғаныс дулығасынсыз және басқа да жеке қорғаныс құралдарынсыз болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция электросамокат пайдаланушыларына қауіпсіздік шараларын сақтау және қорғаныс дулығасы мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.


