Алматыда 5 млн теңгеге дейінгі гранттар: кімдер алады?

Мысалы, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарлар өндіреді. Бірақ алдымен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ену қажет. Оған енгізуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Іріктеуден қалай өтуге болады және одан кейін қандай мүмкіндіктер ашылады — Atameken Business айтып береді. Алматылық Иван Мешков бірнеше жылдан бері тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған оңалту құралдарын жасап шығарумен айналысады. Оның кәсіпорнында қажетті бөлшектер мен жиынтықтауыштар жасалады. Уақыт өте келе өндірісті кеңейтуді шешті. 2024 жылы Иван әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінім беріп, мемлекеттік қолдау алды. Енгізуге негіз халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарлар өндіру болды.

«Біздің бизнес үшін құрал қажет болды. Әсіресе, автоматтандырылған ЧПУ станогы, лазерлік. Біз жасап шығаратын құралдарды көбірек жасау үшін. Атамекеннің қолдауы арқасында біз 5 миллион мөлшерінде грант алдық», — деді ол.

Тізілімге сондай-ақ әлеуметтік осал топтар үшін жұмыс орындарын құратын, олар өндірген өнімді өткізуге көмектесетін, әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе қоғамдық пайдалы жобалармен айналысатын кәсіпкерлерді де енгізуге болады. 5 миллион теңгеге дейінгі өтеусіз грант — әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін негізгі қолдау шараларының бірі екенін атап өткен жөн. Оған «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалисті атанған шағын және орта бизнес өкілдері де үміткер бола алады. Міндетті шарттардың бірі — жобаны грант сомасының кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру.

«Ол жерде осы кезеңде жұмыс орындарын құру және салық төлеу бойынша қарсы міндеттемелер бар. Шарт жасалған сәттен бастап, егер грант алушы грантты жеңіп алса, іске асыру мерзімі 18 айға созылады. Бұл, шамамен айтқанда, 1,5 жыл. 1,5 жыл ішінде ол бизнес-жоспарда көрсетілген, шартта көрсетілген барлық іс-шараларды іске асыруы керек», — деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШОБ бөлімінің бас маманы Әсет Әмірбек.

Айта кетейік, өтеусіз гранттан басқа, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енген кәсіпкерлерге жеңілдікті жалдау және жеңілдікті шарттармен кредиттеу қолжетімді. Тізілімге енгізуге арызды 1-15 қыркүйек аралығында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында беруге болады. Тақырып бойынша оқыңыз: Алматыда Goods2Best әлеуметтік маркетплейсі таныстырылды.

Ұқсас ақпараттар