Алматы облысының тұрғыны қоршауға қыстырылып қалды

Алматы облысының Түрген ауылында ер адам қоршаудан секіремін деп, сәтсіз әрекетінен кейін құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, секірген кезде оның аяғы жарақаттанып, металл конструкцияға қыстырылып қалған.

Ер адам өздігінен босана алмады. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды. Олар арнайы құралдың көмегімен металл элементтерді тілмелеп, зардап шегушіні босатты. Осыдан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Осыдан бір күн бұрын Таразда құтқарушылар басы құмыраға қыстырылып қалған кішкентай қызға көмектескен болатын.

Ұқсас ақпараттар