Ақмола облысының тұрғыны танысына сеніп, 10 млн теңгесінен айырылды

Ақмола облысының тұрғыны Астанадан пәтер алуға уәде берген танысына сеніп, шамамен 10 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бірнеше жыл бұрын танысы әйелге елордадан қамауда тұрған пәтерді сатып алуды ұсынған. Ол жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге уақыт пен қосымша шығындар қажет болатынын айтқан. 2022 жылдан бастап жәбірленуші оған бірнеше рет ақша берген.

«Күдікті ақшалай қаражаттың түрлі жарналарды төлеуге, қызметтерге ақы төлеуге және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қажет екенін түсіндірді», — деп хабарлады полиция.

Бірнеше жыл ішінде берілген қаражаттың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен. Алайда әйел уәде етілген пәтерді алмаған, ақшасын да қайтара алмаған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінді. Оқиға бойынша алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас ақпараттар